Журналист Вадим Борейконың пәтеріне шабуыл жасалуының ізінще полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Болған оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаскүнемдерді анықтау мен ұстауға бағытталған шаралар қабылдануда", - деп хабарлады ІІМ.
Естеріңізге сала кетейік, белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың пәтеріне көбік клейкасын жағып кеткен. Журналист есікті өртемек болған деп болжайды.
Еске сала кетсек, таяуда белгісіз біреулер журналист Вадим Борейконың пәтеріне көбік клейкасын жағып кеткен еді. Журналист есікті өртемек болған деп болжайды. Түнде пәтерге жақындағандар үшеу болған. Оларды журналистің көршілері байқап қалған.
«19 қаңтар күні сағат түнгі үште менің есігімнің сыртына құрылыс көбігінің клейкасын жағып кетті. Белгісіз адамдарды көршілер байқап қалған. Олар үшеу болған. Қашып кеткен. Көбіктен от иісі шығады. Есікті қатырып, өртемек болған болуы керек», - деп жазды әлеуметтік желіде Вадим Борейко.
Белгісіз адамдар журналист тұратын подъезке кіре беріс есікті бұзып кеткен. Борейко полицияға арыз жазыпты. Арызында «мұны журналистерден Динара Егеубаева, Гүлжан Ерғалиева, Гүлжан Бажкенова, Самал Ибраева және мені қорқыту акциялары деп білем – бұл істің бәрі бір жерден іске асырылып жатқан болуы керек» деп жазған.