×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

"Бетперде таққан жұмбақ адам" Қазнетті қуантты

22.01.2023, 09:07
Ашық дереккөз

"Бетперде киген жұмбақ адам" игі іске толы видеоларымен Қазнетті таң қалдыруда. Ол көмектескендердің арасында зейнеткерлер, қарапайым жұмысшылар мен үйсіздер бар. Бейнебаяндардың авторы бетін жасырып, жеке басын жария етуді көздеп отырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бетперде киген жігіт өткен күні тамаша оқиғасымен бөлісті.

Өткен жылдың желтоқсан айында блогерге 12 жасар қыз хат жазған. Ол шарасыздықтан көмек сұрауға шешім қабылдапты: баланың сол бүйрегі гидронефрозы, ал анасы сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан. Әйелге операция қажет. Отбасында әке жоқ.

24 жастағы азамат хатты алғаннан кейін шағын отбасы тұратын жалдамалы уақытша үйге барып, қыздардың анасына несиелерін өтеу және қажетті емделу үшін ақша салынған конвертті береді.

Әдемі оқиға мұнымен бітпеді - жас жігіт пәтер кілтін тапсыру үшін тағы да таныс отбасына қонаққа барды.

Бейнежазбадан 12 жасар қыздың өте әдемі эмоцияларын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары