×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Польша қар құрсауында қалды, Балқанды су басты

22.01.2023, 13:05
Ашық дереккөз

Польшада қалың қар салдарынан кем дегенде 2 адам жолдарда қаза тапты. Елдің 300 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көп жерлерде жолдың нашарлығына байланысты жөндеу бригадаларының апат болған жерге жетуі қиынға соғуда. Әсіресе Малопольский, Подкарпатский және Люблинский воеводстволары қиын жағдайға тап болды.

Нөсер жаңбыр Сербия, Босния, Черногория, Косово және Албания өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне әкелді.

Жұма күні көптеген аудандарда температура төмендеп, жаңбыр соңы қарға ұласты. Электр желілеріне зақым келді. Ауыз сумен де проблемалар бар. Ондаған адам эвакуацияланды.
Тирананың солтүстік-шығысында жергілікті электр компаниясы толып тұрған су қоймаларының аузын ашуға мәжбүр болды, ауылшаруашылық жерлерін су басқан.

Қолайсыз ауа райының салдарын жоюға Албан билігі өз әскерін жұмылдырды.

Серіктес жаңалықтары