×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Денсаулық министрі экс-вице-министрдің үстінен арыз жазды

24.01.2023, 14:16
Коллаж: Ulysmedia.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният полицияға бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің үстінен арызданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желіде мәлім етті.

"Қазір сотта біз денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың полицияға арыз жазғанын білдік. Ол Біртанов пен Әбішевті қорғау туралы петицияға қол қоймағанын мәлімдеген. Біз ол петицияны сотта зерттеп, "Ажар Ғиният"деген қолтаңбаны көрдік. Біз таң қалдық және сотқа, министрлік өкіліне “министрдің бізге қатысты шынайы ұстанымы қандай?" деп сұрақ қойдық”, – деп жазды Біртанов желідегі парақшасында.

Біртановтың сөзінше, Ғиният Әбішев оның қолтаңбасын бұрмалады деп күмән келтіреді.

"Бүгін Олжас Әбішев келіп түскен арыз бойынша жауап алу үшін полицияға шақырылды. Бұл жағдай біздің апелляциялық шағымдарымызды қалалық сотта қарау кезінде болып отыр! Әлбетте, бұл Олжас Амангелдіұлына 2020 жылдың 30 шілдесінде Денсаулық сақтау министрлігінен босатылып, қамауға алынған сәттен бастап жасалып жатқан психологиялық қысымды жалғастыру мақсатында жасалғаны анық", – дейді Біртанов.

Еске салсақ, Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, Біртанов 5 жылға, Олжас Әбішев 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Сондай-ақ сот Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтен денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына тең үлесте 1,350 миллиард теңге өндіріп алынатынын айтты. Сот сотталушыларға азаматтық талапты ерікті түрде орындау үшін үш ай мерзім белгіледі.

2022 жылдың 9 қарашада Елжан Біртановтың адвокаттары сотқа апелляциялық шағым түсірген.

Бұдан бұрын желіде дәрігерлер Елжан Біртановты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жариялаған.

«Біз Біртановтың тікелей бағыныштысы да, туысы да емеспіз және Елжан Амантайұлын індет кезінде тек құрметпен қарайтын қызметі арқылы ғана танимыз. Ол өзі медициналық ұйымдарды аралап, теледидардан сұхбат беріп, дөңгелек үстелдерге, брифингтерге қатысып, көтерілген бірде-бір мәселені назардан тыс қалдырған емес. Бүкіл әлем сияқты біздің ел де індетке дайын болмағанына ол кінәлі емес және сол кездегі Денсаулық сақтау министрі өзіне тікелей қатысы бар жұмысты дұрыс атқарып, қолдан келгенді жасады», - деп жазылған петицияда.

Серіктес жаңалықтары