×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Алматы облысында түрме бастығының орынбасары қызметінен қуылды

26.01.2023, 10:33
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында колония бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болды. ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген.

“Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытты. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырды. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған. Сондай-ақ бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ”., – делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды. Бұдан басқа, бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары