×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған Қарағаев Маңғыстау әкімінің бірінші орынбасары болды

27.01.2023, 16:16
фото: ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғаларынан кейін қамауда болған Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа орынбасарын облыс активіне аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев таныстырды.

Жұмабай Қарағаев мемлекеттік мұнай және газ академиясын «мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Ол әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерін басқарды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Атырау облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҚР Энергетика вице-министрі болды.

Айта кетерлігі, бір жыл бұрын Жұмабай Қарағаев Маңғыстаудағы газ бағасын көтеру бойынша тергеу аясында ұсталып, тіпті қамауға алынған. Бірақ кейінірек іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары