×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Сенаторлар мен мәжілісмендердің жылдық шығыны қанша?

02.02.2023, 12:44
Сенаторлар мен мәжілісмендердің жылдық шығыны қанша?
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Парламенті депутаттарын ұстауға 2023 жылы 6,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Парламенттің екі палатасының шығындары  – ашық ақпарат. Депутаттарды ұстауға 2023 жылға 6,5 млрд теңге бөлінді", - деді Жамаубаев тілшілерге.

Оның айтуынша, аталған сомаға депутаттардың жалақысы, олардың ұшуы, іссапар және тәуліктік шығындары кіреді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ерұлан Жамаубаев Парламентке енетін партияларға бөлінген қаражат қалай үлестірілетінін айтқан.