×
471.46
555.38
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
555.38
6.18

Енді дәрі-дәрмек сатып аларда ЖСН көрсету міндеттеледі

15.04.2026, 13:47
Енді дәрі-дәрмек сатып аларда ЖСН көрсету міндеттеледі
Фото: ЖИ

Қазақстанда медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер үшін берілетін чектерде науқастардың ЖСН-і көрсетілетін болады. Қаржы министрлігінің айтуынша, бұл МӘМС қаражатын мақсатты пайдалануды бақылау үшін қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы министрлігі кассалық-бақылау машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне өзгерістер енгізіп, медициналық қызметтер мен дәрілік заттар бойынша чектерде пациенттің ЖСН-ін міндетті түрде көрсетуге арналған жаңа баған қосуды жоспарлап отыр. Тиісті министр бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланған.

«Күтілетін нәтиже – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кассалық-бақылау машиналары чектерінде пациенттің ЖСН-ін міндетті түрде көрсету арқылы есеп айырысулардың ашықтығын арттыру және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту», – делінген Қаржы министрлігінің түсіндірмесінде.

Министрлік сонымен қатар пациенттің ЖСН-ін КБМ чегінде көрсету тетігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде чектерді салыстырып тексеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нормативтік-құқықтық актіні талқылау 29 сәуірге дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары