×
464.86
544.03
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.86
544.03
6.14

Жеке деректердің таралуы: ҚазҰУ-дағы даудан кейін не өзгерді

Бүгін, 15:21
Жеке деректердің таралуы: ҚазҰУ-дағы даудан кейін не өзгерді
Ulysmedia.kz коллажы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жеке деректердің таралуына қатысты дауға пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін жүйедегі қауіпсіздік шаралары күшейтіле бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІМ ЖАЗАЛАНДЫ?

Министрлік деректердің сақталуына жауапты қызметкерлер үшін бірнеше оқыту семинарын өткізген. Сонымен қатар жұмысқа Мемлекеттік күзет қызметі мамандары тартылған.

– Ақпараттық қауіпсіздік үдерістерін орталықтандыру жоспарланып отыр. Бұл мұндай жағдайлардың қайталанбауына мүмкіндік береді, – деп сендірді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр дау шыққан факультеттің деканы жазаланғанын атап өтті.

ҚОЛДАН-ҚОЛҒА ӨТКЕН ДЕРЕКТЕР

Еске салайық, бұдан бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кураторлар мен студенттердің мессенджерлердегі топтарында білімгерлер мен қызметкерлердің жеке деректері, соның ішінде медициналық құпияға жататын мәліметтер тарап кеткен. Бұл туралы редакциямызға университет куратор-эдвайзерлерінің бірі мәлімдеген

Мәлімет берушінің айтуынша, соңғы уақытта факультеттер деңгейінде кураторлар чатына «мониторинг» түрінде  түрлі ақпараттар жіберіліп, олар әрі қарай студенттерге ешбір сүзгісіз таратылған. 

ЖОО-ның баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

2 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ДАУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2024 жылы да осыған ұқсас дау туған. Интернетке «пәк студенттердің тізімі» тарап кеткен. Білім алушылардың жеке және медициналық деректері жария болған еді. Алматы қаласының прокуратурасы жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және дербес деректер туралы заң талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

Университет өкілдері бұл тізімді флюорографиядан өткізу үшін мердігер ұйымның медбикесі жолдағанын айтты, алайда құжатта дәрігерлік құпияға жататын мәліметтер де болған. Осыдан кейін университетте қызметтік тексеріс жүргізіліп, прокуратураға тиісті өтініш жолданған.

Серіктес жаңалықтары