×
460.8
541.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.8
541.21
6.13

Ақ үйдегі жабық кездесу: Лондон Трамптан неге қауіптенеді?

Бүгін, 15:56
Ақ үйдегі жабық кездесу: Лондон Трамптан неге қауіптенеді?
Фото: Alex Brandon

 Карл III пен Трамптың Ақ үйдегі кездесуіне камера әкелуге тыйым салынды. Себебі Лондон жанжалдан қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЛОНДОН НЕДЕН ҚАУІПТЕНДІ?

Лондон король Карл III пен АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі кездесуін камерасыз өткізуді талап еткен. Бұл туралы The Guardian газеті жазды. Басылымның жазуынша, Ұлыбритания 2025 жылдың ақпанында Украина президенті Владимир Зеленский қатысқан жағдайдың қайталануынан қауіптенеді.

«Британдық шенеуніктер монарх пен АҚШ президентінің Сопақ кабинеттегі кездесуін камерасыз өткізуді талап етті. Себебі Трамп Зеленскийді әлемдік баспасөз алдында сынаған жағдай қайталануы мүмкін деген алаңдаушылық болды», – делінген жарияланымда.

Ақ үй бұл талаппен келіскен. Басылым дереккөздерінің мәліметінше, британ монархы Трамппен кездесудің басында ғана камера алдында көрінеді, ал негізгі келіссөздер папараццилерден жабық форматта өтеді.

19 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ САПАР

25 сәуірде Reuters агенттігі Карл III-нің АҚШ-қа сапарына дайындық кезінде Ақ үй маңында қателесіп, Ұлыбритания туының орнына Австралияның тулары ілінгенін хабарлаған.

27 сәуірде Ұлыбритания королі жұбайы Камилламен бірге Вашингтонға келді. Оларды Ақ үйде АҚШ президенті мен бірінші ханым Мелания Трамп қарсы алды. Бұл – 2007 жылдан бері британ монархының АҚШ-қа жасаған алғашқы мемлекеттік сапары.

Сейсенбі күні король Конгресс алдында сөз сөйлейді. Бұл – 1991 жылдан бері британдық корольдік отбасы мүшесінің АҚШ Конгресінде жасаған алғашқы баяндамасы.

Сол кезде Елизавета II британ монархтарының ішінде алғаш болып америкалық заң шығарушылар алдында сөз сөйлеген еді.

ТРАМПТЫҢ ИШАРАСЫ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Daily Mail газетінің жазуынша, Трамп кездесу барысында корольдік хаттаманы бұзып, Карл III-нің иығынан қаққан. Дене тілі бойынша сарапшы Джуди Джеймс бұл ишара саяси мәнге ие болуы мүмкін екенін атап өткен. Оның айтуынша, бұл – Трамп тарапынан «белсенді, ерекше достықтың алғашқы нақты белгісі».

Еске сала кетейік, бұған дейін Карл III-нің ұлы Киевке барған еді. 

 

Серіктес жаңалықтары