Елімізде 2026 жылдың алғашқы үш айында балалардың терезеден және биіктіктен құлауының 44 жағдайы тіркеліп, оның төртеуі өліммен аяқталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, күн жылыған сайын балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалар қаупі айтарлықтай артады.
«Жазатайым оқиғалардың ең көп саны Атырау облысында – 13, Астана қаласында – 8 (оның ішінде 3 өлім жағдайы), сондай-ақ Маңғыстау облысында – 4 (оның ішінде 1 өлім жағдайы) тіркелген», – деп хабарлады министрлік.
балаларды қараусыз қалдыру;
жауапкершілікті үлкен балаларға жүктеу;
терезелерде қорғаныш құрылғыларының болмауы;
терезе маңында баланың өздігінен шығуына мүмкіндік беретін жиһаздың орналасуы;
москит торларын сенімді қорғаныс ретінде қате қабылдау.
Москит торлары ересектерге жалған қауіпсіздік сезімін тудыратынын ерекше атап өткен жөн. Олар тек жәндіктерден қорғануға арналған және баланың тіпті аз ғана салмағын да ұстап тұра алмайды, болмашы қысымның өзінде-ақ тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
Дәрігерлер осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналар мен заңды өкілдерге: