×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Алматы облысында бір топ жігіт жаппай төбелесті

Алматы облысында бір топ жігіт жаппай төбелесті
Фото: istockphoto.com

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жасөспірім мен жастар арасында жаппай төбелес болды. Қақтығыс кезінде суық қару қолданылған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Алдын ала мәліметтер бойынша, көшеде басталған жанжал ірі төбелеске ұласқан. Куәгерлер мен жергілікті парақшалардың хабарлауынша, қатысушылардың қолында өткір заттар болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Алматы облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша жедел іздестіру шараларын бастады. Қазіргі таңда оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Төбелестің барлық қатысушысы мен жанжалды бастаған арандатушылардың тұлғасы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшылары жағдайды бақылауға алып, ауылдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Бұған дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауылында жаппай төбелесте 17 жастағы жасөспірімің өліміне байланысты үш күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары