×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Құрылтайдың кемінде 30%-ы заңгерлер болуы тиіс – адвокаттар алқасының төрағасы

Бүгін, 13:28
Құрылтайдың кемінде 30%-ы заңгерлер болуы тиіс – адвокаттар алқасының төрағасы
Ulysmedia.kz коллажы

Мемлекет басшысы жаңадан құрылатын Құрылтай кәсіби болуы керегін айтты. Кәсіби парламент деген не? Оның құрамына кімдер енуі тиіс? Бұл сұраққа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КӘСІБИ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?

Заңгердің пікірінше, Құрылтай құрамында іс тетігін білетін заңгерлер, қаржыгерлер көп болуы қажет.

–  Құрылтай мүшелерінің кемінде 30%-ы заңгер болуы тиіс деп ойлаймын. Сонда  сіз бен біздің өмірімізді реттейтін заңдардың сапасы артар еді. Міне, сол кезде ғана парламентті шын мәнінде кәсіби деп айтуға болады, – дейді Мырзағараев.

Төраға адвокаттар алқасынан Құрылтайға, Халық кеңесіне адамдарды тартамыз деген ұсыныс болса, қолдауға дайын екенін жеткізді. 

– Жеке басыма келсек, ұсыныс болды. Бірақ депутат болайын деген ұмтылысым жоқ. Себебі Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы қызметіме келгеніме алты ай әлі болған жоқ. Бұл қызметте де атқаратын шаруам қыруар. Елімізге, қоғамға пайдамызды тигіземіз десек, осы жерде отырып-ақ тигізуге болады. Құрылтайға баратын азаматтардың бәрі халыққа пайдамды тигізем деген оймен барса деймін, – дейді заңгер.

Мәди Мырзағараев блогерлердің Құрылтай сайлауына түсуі жөнінде де пікір білдірді.

– Олар да қоғамның мүшесі ғой. Өзіндік пікірлері, ұстанымдары бар шығар. Қоғамның қандайда бір жанайқайын жеткізе алатын болар. Бәрі бірдей заң жазып кетсе болмайды ғой. Қоғамның назарын аударта алатын, жетеріне жеткізіп айта алатын адамдар да керек, – деп есептейді маман.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА

Еске салайық, 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды. Бұдан былай Қазақстанда екі палаталы парламенттің орнына жаңа парламент – Құрылтай құрылады және вице-президент лауазымы пайда болады.

Бұдан бұрын Қазақстанда Құрылтай сайлау қашан өтетіні және вице-президент қашан сайланатыны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары