Көкшетауда әйел адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛҒЫРАҚ
Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, әйел адамды қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынған.
«Жүргізуші ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазылған облыстық полиция хабарламасында.
Тұрғындардың сөзінше, қаза болған әйел 12 жастағы қызын жалғыз өзі тәрбиелеген.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін, әлеуметті желіде ауладан шығып бара жатқан әйел адамды көлік басып-жаншығаны бейнеленген видео тараған. Видеода әйел адам жаяу жүргіншілер жолына қарай шыға бергенде, кенеттен аулаға бұрылып жатқан көлік әйелді қағып, бірнеше метр жүріп барып тоқтағаны көрінеді. Көлік ішіндегі адамдар машинаның астында қалған әйел адамға қарап, кейбірі әлдебіреулерге телефон шалып жатқаны байқалады.
Оқиғаға байланысты Ақмола облыстық полициясы қылмыстық іс қозғаған.