×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Рақымшылық бойынша қандай айыппұлдар кешірілуі мүмкін

Бүгін, 10:00
Рақымшылық бойынша қандай айыппұлдар кешірілуі мүмкін
ulysmedia.kz коллажы

Әкімшілік рақымшылық аясында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған кейбір айыппұлдар кешірілуі мүмкін. Алайда оған ауыр санатқа жататын құқықбұзушылықтар жатпайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат Снежанна Имашева мәжіліс кулуарында әкімшілік рақымшылыққа байланысты журналистер сұрағына жауап берді.

Имашеваның айтуынша, әкімшілік рақымшылыққа бірнеше миллиард теңгенің айыппұлдары ілігуі мүмкін. Оның 90 пайызы — полиция салған айыппұлдар, соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазылған айыппұлдар.

– Адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін құқықбұзушылықтар рақымшылыққа ілінбейді. Мысалы, қызыл шамға өту, жылдамдықты асыру, мас күйде көлік жүргізу. Ал қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізіп келе жатып телефон қолдану рақымшылыққа түсуі мүмкін, – деді депутат.

Снежанна Имашеваның сөзінше, айыппұл ғана емес, оған қосылған өсімпұл да кешіріледі.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2026 жылғы рақымшылықтың жүргізілу тәсілі айқындалып қойғанын айтқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыстық теріс қылықтар мен жеңіл немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды зиян келтірмей жасаған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.

Рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау және басқа да ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Сондай-ақ бұған дейін депутаттар жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарға рақымшылық жасауға қарсылық білдірген.

Серіктес жаңалықтары