×
491.37
570.48
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.37
570.48
6.78

Алматыда зейнеткерлерді алдап, 1,5 млрд теңге жымқырғандар ұсталды

Бүгін, 16:01
Алматыда зейнеткерлерді алдап, 1,5 млрд теңге жымқырғандар ұсталды
Фото: Zakon.kz

Алматыда зейнеткерлерді алдап, 1,5 млрд теңгеден астам ақша жымқырған топ ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, Алматыда қарт адамдарды алдап келген интернет-алаяқтар тобы қолға түсті. Олар өздерін полиция, прокуратура немесе банк қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлердің сеніміне кірген.

“Алаяқтар азаматтарды пәтерлері мен үйлерін сатуға көндіріп, түскен ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды сұраған. Нәтижесінде жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асып кеткен”, – делінген хабарламада.

Тергеу барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері ұсталды. Сот оларды қамауға алуға санкция берді.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары іске қатысы бар басқа адамдарды да анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары