×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Кедергісіз саяхат: әлемдегі ең үздік төлқұжат анықталды

08.02.2023, 09:48
фото: ашық дереккөзден

Henley & Partners халықаралық консалтингтік компаниясы саяхаттауға арналған ең үздік төлқұжатты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықаралық әуе көліктері қауымдастығының (IATA) мәліметтері негізінде дайындалған рейтинг бойынша биыл Жапония төлқұжаты үздік деп танылды. Онымен әлемнің 193 еліне визасыз баруға болады.

Екінші орында Сингапур мен Оңтүстік Корея – бұл елдердің азаматтары визасыз 192 мемлекетке визасыз кіре алады. Үшінші орындағы Германия мен Испания төлқұжаты 190 елге кедергісіз саяхаттауға мүмкіндік береді.

Рейтинг бойынша үздік ондыққа Финляндия, Италия мен Люксембург (189 ел), Аустрия, Дания, Нидерланды және Швеция (188 ел), Франция, Ирландия, Ұлыбритания имен Португалия (187 ел), Бельгия, Чехия, Норвегия, Жаңа Зеландия, Швейцария, АҚШ (186), Аустралия, Канада, Грекия жәнге Мальта (185), Венгрия мен Польша (184), Литва және Словакия (183 елге визасыз саяхаттау) енген.

Сирия, Ирак және Ауғанстан төлқұжаттары (30, 29 және 27 елге визасыз кіргуе болады) ең төменгі сатыдан көрінді.

Серіктес жаңалықтары