×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Павлодарда бір тәулікте 36 тұрмыстық жанжал тіркелген

27.09.2021, 19:58
ашық дереккөз

Павлодарда полицияға отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша хабарласатындар көп, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның хабарлауынша, Павлодарда операторлар тәулігіне орташа есеппен 300-500 қоңырау қабылдайды.

«Полицияға бір тәуліктің ішінде отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылыққа қатысты 36 қоңырау түскен. Оның 24-і түнгі, ал 12-і күндізгі уақытта болған. Өкінішке қарай, олардың 13-і ғана күш көрсетушіге қатысты арыз жазған. Қорғаныс нұсқамасын алуға келіскендер 9 ғана», - дейді Павлодар қаласы Жергілікті полиция қызметінің басшысы Арман Қаптаев.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 102 нөміріне хабарласатындардың көбі үйде күш көрсетіп жатқан адамды сескендіруді ғана мақсат етеді, ал өзі мен балаларын қорғау құқығын пайдалану туралы ойламайды. Полиция қызметкерлеріне шағымданушылардың 80%-ы құқық бұзушыға кешіріммен қарайды. Мұндай жағдайда арада біраз уақыт өткен соң үйдегі күш көрсету жағдайы қайталанады.

Серіктес жаңалықтары