×
469.83
536.83
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.83
536.83
5.97

Түркияда қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен сириялық азамат ұсталды

Бүгін, 17:53
Түркияда қазақстандық әйелді зорлады деген күдікпен сириялық азамат ұсталды
DHA

Түркияның Алания қаласында 35 жастағы қазақстандық әйелге қатысты сексуалдық зорлық жасады және тонады деген күдікпен Сирияның 24 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеу мәліметінше, олар түнде Барлар Сокагы көшесінде танысып, кейін Сахире Тюзюн көшесіндегі қонақүйлердің біріне бірге барған. Біраз уақыттан кейін ер адам қонақүйден шығып кеткен.

Осыдан кейін әйел 112 жедел қызметіне хабарласып, сексуалдық зорлықтың құрбаны болғанын айтқан. Сондай-ақ оның сөзінше, күдікті ұялы телефонын алып кеткен.

КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Полиция қызметкерлері ер адамды жағалау жолынан тез тауып, ұстаған. Полиция бөлімінде ол аудармашының қатысуымен түсінік берген.

Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін күдікті сотқа жеткізілді. Сот оны қамауға алып, тергеу аяқталғанға дейін Аланиядағы жабық типтегі L санатындағы тергеу изоляторына жіберу туралы шешім қабылдады.