×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

АҚШ Иранға тоғызыншы түн қатарынан соққы жасады

20.07.2026, 09:34
АҚШ Иранға тоғызыншы түн қатарынан соққы жасады
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ Тегеран мен Вашингтон арасындағы бейбіт келісім бұзылғалы бері тоғызыншы түн қатарынан Иранға соққы жасады. Тегеран қарымта жауап ретінде американың Кувейт пен Бахрейндегі әскери нысандарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

АҚШ армиясы тоғызыншы түн қатарынан Иран аумағындағы нысандарға соққы жасады. АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, 20 шілдеде шабуылдар Иран уақыты бойынша түнгі сағат 02:30-да басталған.

АҚШ соққы жасау арқылы Иранның әскери әлеуетін одан әрі әлсіретуді мақсат етіп отыр. Вашингтон осылайшаТегеранның Ормуз бұғазына ықпалын төмендетуді көздейді.

Иран қарымта ретінде американың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына шабуыл жасап жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалған жаңа шабуылдарды америка сарбаздарының қазасына байланысты жасалған жауап деп атады.

– Біз бүгін түнде оларға тағы да өте ауыр соққы жасадық. Біз мұны қаза тапқан сарбаздарымыздың құрметіне жасадық, – деді ол.

Таяу Шығыстағы жаңа шиеленіс басталғалы бері АҚШ Орталық қолбасшылығы өзінің үш әскери қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады. Осылайша, Иранмен соғыс басталғалы бері қаза болған АҚШ әскери қызметкерлерінің жалпы саны 17 адамға жетті.

Ислам революциясы сақшылар корпусы 20 шілдеге қараған түні Ормуз бұғазынан шығуға әрекеттенген екі мұнай танкерін ұстағанын мәлімдеді. Иранның мемлекеттік «Тасним» ақпарат агенттігі кемелердің жарылғанын хабарлады.

Өткен демалыс күндері АҚШ пен Иран арасындағы әскери текетірестің күшеюіне байланысты Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысы айтарлықтай азайды. Лондон қор биржасының мәліметіне сәйкес, 19 шілдеде бұғаз арқылы небәрі төрт кеме ғана өткен.18 шілдеде олардың саны сегіз болған.