×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

YouTube-тегі «Ахуал сегодня» арнасының авторы екі айға қамауға алынды

Бүгін, 14:43
YouTube-тегі «Ахуал сегодня» арнасының авторы екі айға қамауға алынды
ашық дереккөз

YouTube-тегі «Ахуал сегодня» арнасының авторы Азамат Омаров екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛЫП ОТЫР?

Астана полиция департаментінің мәліметінше, блогерге қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы — «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау қолданылған.

Полицияның хабарлауынша, 18 шілдеде сот санкциясымен Омаров қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫ

Ал сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық «Әділ сөз» қоры құқық қорғау органдары мен прокуратурадан журналистің ұсталғаны туралы ресми ақпарат беруді талап етті.

Қор өкілдері Омаровтың қайда отырғанын, оған қандай қылмыс бойынша айып тағылғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғауға қандай нақты жарияланымдар немесе мәлімдемелер себеп болғанын түсіндіруді сұрады.

«Әділ сөз» ұйымының пікірінше, бұл ақпарат қоғам үшін маңызды және жариялануы мүмкін, себебі блогердің қамауға алынғаны туралы ақпарат қоғамға тарап үлгерді.

Құқық қорғаушылардың жазуынша, бұған дейін Омаровтың YouTube арнасынан авторлық құқықты бұзу туралы шағымнан кейін «Обнуление + мечеть святого Нурсултана» атты шығарылым өшірілген.

КОНТЕКСТ

11 маусымда журналист Астанада велосипедшімен болған жанжалға байланысты полиция бөліміне жеткізілген еді. Кейін Омаровтың айтуынша, полиция қызметкерлері бұл жағдайдың реттелгенін хабарлаған.