×
470.28
537.53
5.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.28
537.53
5.99

Балқаштың жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін, 16:16
Балқаштың жаңа әкімі тағайындалды
Қарағанды облысының әкімдігі

Саян Мұратұлы Балқаш қаласының әкімі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және Балқаш қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Балқаш қаласының әкімі болып Саян Мұратұлы тағайындалды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа қала басшысын Балқаш қаласының активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Облыс әкімі жаңа әкімнің алдына қойылған негізгі міндеттерді айқындап, қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асырудың басым бағыт екенін атап өтті.

ЖАҢА ӘКІМ ТУРАЛЫ

Саян Мұратұлы мемлекеттік басқару жүйесінде 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде абаттандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы қызметінен бастаған.

Кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы, кейін осы бөлімнің басшысы қызметтерін атқарды.

2022-2024 жылдары Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың тамыз айынан бастап Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Сапар Сатаев Теміртау әкімі болып тағайындалғанын хабарлаған едік.