×
$
469.93
541.64
5.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
469.93
541.64
5.71

Атырауда балаға қол көтерді деген тәрбиеші бұрын сотталғаны анықталды

Бүгін, 17:41
Атырауда балаға қол көтерді деген тәрбиеші бұрын сотталғаны анықталды
Видео кадры

Атырауда жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы балаға қатыгездік жасалды деген іске қатысты жаңа деректер шықты. Баланың туыстары 27 жастағы тәрбиешінің бұған дейін де жауапқа тартылғанын анықтаған. Ал балабақша басшылығы әйелді жұмысқа қабылдағанда бұл туралы білмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

«7 арна» мәліметінше, болған жағдайды ата-анасы әжесі баланың денесінен көгерген іздерді байқағаннан кейін білген. Осыдан соң отбасы балабақшадағы бейнебақылау камераларының жазбасын тексерген.

Туыстарының айтуынша, видеодан тәрбиешінің балаға дөрекі қарағаны көрінеді: қолынан сүйреп, құлағынан тартып, қолтығынан ұстап көтерген, күштеп ұйықтатуға тырысқан.

Баланың анасы Жазира Ғабиденнің айтуынша, ұлы балабақшада бірнеше сағат қана болған - шамамен 09:00-ден 12:30-ға дейін. Оны әсіресе камера орнатылмаған бөлмелерде не болғаны алаңдатады.

«Оны қолынан сүйреді, қылқындырды, дәретханаға алып кетті. Ол жерде не болғанын білмеймін, өйткені камера жоқ», — деді әйел.

Тәрбиеші екі ай жұмыс істеген

Оқиғадан кейін отбасы балабақша қызметкерінің бұған дейін де жауапқа тартылғанын анықтаған.

Мекеме директоры Нағима Аманқосова басшылықтың бұл туралы білмегенін айтты. Оның айтуынша, тәрбиеші шамамен екі ай бұрын жұмысқа орналасып, сотталмағаны туралы анықтама әкелген.

Кейін құжаттың 2025 жылы берілгені белгілі болған.

«Анықтаманы көрдік те, бәрі дұрыс деп ойладық. Берілген күніне мән бермеппіз», — деді директор.

Жекеменшік балабақша шамамен үш ай бұрын жұмысын бастаған. Қазір онда 24 бала тәрбиеленіп жүр.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Отбасы полицияға жүгінгеннен кейін кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаға қатысы бар адамдар полицияға жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.