×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

Оқушы қанша сағат ұйықтауы керек? Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға кеңес берді

Бүгін, 14:19
Оқушы қанша сағат ұйықтауы керек? Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға кеңес берді
pixabay

Оқу жылы басталар алдында Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға баланы мектепке дайындағанда оның ұйқы тәртібін де алдын ала қалыпқа келтіру маңызды екенін еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Балаларға қанша уақыт ұйықтау керек?

– Жаңа оқу жылы басталғанға дейін ата-аналарға балалардың күнделікті ұйқы тәртібін алдын ала қалыпқа келтіру ұсынылады. 6-12 жастағы оқушылар тәулігіне 9-12 сағат, ал 13-18 жастағы жасөспірімдер 8-10 сағат ұйықтауы керек. Жеткілікті демалыс баланың зейінін жақсартып, жаңа ақпаратты қабылдауына және күні бойы сергек жүруіне көмектеседі, – деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның түсіндіруінше, толыққанды демалыс баланың зейініне, есте сақтау қабілетіне және көңіл күйіне тікелей әсер етеді.

Егер оқушы үнемі ұйқысын қандырмаса, сабаққа зейін қоюы, жаңа ақпаратты есте сақтауы және күні бойы сергек жүруі қиындайды.

Сондықтан қосымша сабақтар, үй тапсырмасы немесе ойын-сауық түнгі ұйқының есебінен болмауы керек.

Бірінші сынып оқушыларына күндізгі демалыс қажет болуы мүмкін

Мамандар мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларға ерекше көңіл бөлуге кеңес береді.

Жаңа күн тәртібі, ерте тұру, сабақтар мен көп әсер балаға едәуір салмақ түсіруі мүмкін.

Егер бала жаңа тәртіпке бірден бейімделе алмаса, оған күндіз екі сағатқа дейін демалуға мүмкіндік берген дұрыс.