×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге 200-ден аса адам мен төрт тікұшақ жұмылдырылды

Бүгін, 18:47
ШҚО-дағы орман өртін сөндіруге 200-ден аса адам мен төрт тікұшақ жұмылдырылды
Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысында 13 тамызда басталған орман өрті ішінара бақылауға алынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Ведомство мәліметінше, Асу-Бұлақ мемлекеттік мекемесінің 114-орамындағы өрт оқшауланған. Қазір ол жерде қалған ошақтарды толық сөндіру үшін су себу және басқа да жұмыстар жалғасып жатыр.

Ал 113-орамдағы өртті оқшаулау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Құтқарушылар жалынның әрі қарай таралуына жол бермеуге тырысып жатыр.

Оқиға орнында 200-ден аса адам жұмыс істеп жатыр

Өртті сөндіруге 224 адам, 43 техника және төрт тікұшақ жұмылдырылған.

Авиация осы уақытқа дейін 100 рет су төккен.

Экология министрлігі жағдай тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.