×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Түркиядағы зілзала: Солтүстік Кипрдің волейбол командасы түгел көз жұмған

18.02.2023, 09:51
Ашық дереккөз

6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлайды, деп жазды Ulysmedia.kz.

Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан көз жұмғаны анықталды.

Осыған байланысты федерация марқұмдардың отбасына көңіл айтқан.

Серіктес жаңалықтары