×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

2500 жылы Жер қандай болады – ғалымдар пікірі

29.09.2021, 00:55
ашық дереккөз

Ғалымдардың пікірінше, 2500 жылы Жер бетінде қатты ыстық болғаны сондай, тропикалық аймақтарда өмір сүру мүмкін болмай қалады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының жаңа мәліметтеріне сәйкес, 2100 жылға қарай ауа температурасы 2,7 градусқа көтеріліп, соның салдарынан апатты жағдайлар болады.  

korrespondent.net-те жарияланғандай, температураның өзгеруі өрт, дауыл, құрғақшылық, су тасқыны мен аптап ыстықтың жиі болуына себепші болады.

Болашақты болжаған ғалымдар негізгі үш сценарий туралы айтты. Соған сәйкес оқиға әртүрлі өрбуі мүмкін.

Ғалымдар 2100 жылдан кейін ғаламдық температура жоғарылауы мүмкін екенін айтуда. Мұндай жағдайда өсімдіктер мен ең жақсы егістік алқаптары полюстерге қарай жылжып, әртүрлі дақылдарды өсіруге жарамды алаңдар азаяды. Амазонка бассейні сияқты кейбір аудандар өмір сүруге жарамсыз болып қалады.

«2500 жылы Жер бетінде қатты ыстық болғаны сондай, тропикалық аймақтарда өмір сүру мүмкін болмайды», - дейді ғалымдар.

Серіктес жаңалықтары