×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Кремль Блинкеннің Қазақстанға сапары жайлы пікір білдірді

01.03.2023, 17:56
фото: ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бір күн өткен соң ғана АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Энтони Блинкен 28 ақпанда Қазақстанға сапармен келген болатын. Астанада ол республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты.

Кеше Дмитрий Песков Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы пікір білдіруден бас тартып, бұл Ресей СІМ-нің құзыреті екенін атап өткен. Дей тұрғанмен ол Ресей мен Азия елдерін "екіжақты қарым-қатынастар байланыстыратынын" айтты.

Бүгін РФ президентінің баспасөз хатшысы Блинкеннің Қазақстанға сапары Мәскеу мен Астана арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейтінін мәлімдеді.

"Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Бізді екіжақты байланыстар да, бірлескен интеграциялық жобалар да біріктіреді. Біз бұл байланыстардың дами түседі деп сенеміз", - деп атап өтті Песков.

Айта кетейік, бұдан бұрын саясаттанушы Досым Сәтпаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанаға сапары жөнінде пайым-пікірін айтқан.

Серіктес жаңалықтары