×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

"Алған қарызын қайтармаған": Министр СҚО-да тергеліп жатқан ІІМ лауазымды қызметкері жайлы

09.03.2023, 13:23
әлеуметтік желіден

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов СҚО ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Біләловқа қатысты тергеу жайлы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, Біләловтің үстінен шағымданушының арызын ІІМ-нің жеке қауіпсіздік департаменті тіркеген.

"Екі жыл бұрын ол біреуден қарыз алған. Арызданушының сөзінше, Біләлов алған ақшаны қайтармаған. Объективтілік үшін іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды", - деді министр.

Еске салсақ, өткен айда Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Берік Біләловтің ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Біләловтың қамауға алынғанын растап, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы болғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметкерлерінің қатарында болмағаны хабарланды.

Біләлов 2022 жылдың қараша айынан бастап СҚО ҚАЖД бастығының міндетін атқарды, оған дейін 2019 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Ақмола облысының полиция департаментін (ПД) басқарды, одан ертерек – 2014 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың сәуіріне дейін СҚО ПД бастығы болды.

Серіктес жаңалықтары