Қарағанды облысында ауылдастар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 29 қыркүйек күні Қарқаралы ауданында болған. Жарақат алған 50 жастағы ер адамның денесі Қ.Аманжолов ауылынан үш шақырымдық жерден табылған.
«Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен ауылдың 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат мас күйінде мал бағуға барғалы жатқанын мойындады. Жәбірленуші екеуінің арасында жанжал туындап, күдікті қаруын қолына алып, ауылдасын атқан», - дейді Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 90-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.