×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

"АрселорМиттал Теміртауға" 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

20.03.2023, 09:51
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қарағанды прокуратурасының нұсқауымен "АрселорМиттал Теміртаудың"  жеті шахтасы мен "Восточный" орталық байыту фабрикасының қызметі тексерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде сегіз объектіде тексеру мерзімі өткен 89 өлшем құралын қолдану фактісі анықталған.

"Осындай өлшеу құралдарының дұрыс емес нәтиже көрсетуінен жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау қамтамасыз етілмеген және бұл жерасты тәсілімен тас көмірін өндіруді жүзеге асыратын қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді", - деп атап өтті комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Бұл өлшеу құралдары, атап айтқанжа: әр түрлі типтегі электроконтактілі манометрлер, техникалық манометрлер, торлы және скиптік көтергіштер, компрессорлық, қазандық, көмір жыныстарының көтерілуі, желдету көтергіштері сияқты учаскелерде қолданылатын термометрлер.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестатталғаннан және айналысқа шығар алдында, жөндеуден кейін, пайдалану кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін тексерілетінін атап өткен жөн.

Қарағанды облысы прокуратурасының ұсынысы мен материалдарының негізінде "АрселорМиттал Теміртау" Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, Қарағанды Департаменті кәсіпорынға қатысты заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс енгізді, олар бүгінгі күні жойылды.

Сондай-ақ, тексеріс нәтижесінде "АрселорМиттал Теміртауда" тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру кезінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын өлшеулер жүргізілетіні анықталды, өйткені өлшеулердің салалық тізбелеріне енгізілмеген. Бұл Өлшемдер Қауіпсіздік пен еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Департамент өлшемдер тізбесін одан әрі қарау және оларды салалық мемлекеттік органдар бекіту үшін кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындады.

Айта кетейік, былтыр  3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 4 жұмысшысы қаза тапқан.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Содан бері монополистің жұмысы жіті тексеріліп жатыр.

Бір жыл ішінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды.

Жалпы, ел кәсіпорындарында өндірістік апаттар салдарынан соңғы жылда 15 адам қаза тапқан.

Бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысын халықаралық аудит тексеріп жатқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары