×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Алматыда «Мәңгілік полк» шеруінің атауы өзгертіледі

05.05.2022, 17:02
Фото: Ашық дереккөзден

Жылда 9 мамырда Алматыда өтетін «Мәңгілік полк» шеруі «Батырларға тағзым» атауымен өзгертіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауғанстандағы соғыс және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров шараға қатысушыларды шараны «саясиландырмауды» сұрады.

«Саясатпен айналысуға, пиар жасауға болады жылына 364 күн бар. Бірақ бұл қасиетті күнді ол үшін пайдаланбау керек», - деді ол.

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов Қазақстандағы 9 мамырдың символы – «Жеңіс лентасы» қазақтың алтын түсті ұлттық ою-өрнегі және екінші дүниежүзілік соғысы орденінің бейнесі басылған көк түсті жібек лента екенін еске салды.

Ұйымдастырушылар Георгий лентасын «арандатушы рәміздер» деп атап, тұрғындарды оны қолданбауға шақырды. Сондай-ақ шеруге тыйым салу аясында Z, V белгілері, қызыл туларды пайдалануға тыйым салынады.

Алматы – Қазақстанда офлайн режимде осы акция өтетін бірден-бір қала. Қазір салют ату-атпау мәселесі талқыланып жатыр.