×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Нұр-сұлтандағы өрт: Сауда орталығындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

02.10.2021, 12:58
Фото: әлеуметтік желіден скриншот

«Астықжан» сауда орталығындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астықжан» сауда үйінің жиһаз салонындағы өрттен келген залалдың шығынын анықтау үшін әкімдік пен сауда нысаны өкілдерінен жедел штаб құрылды.

«Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 292 бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, бүгін «Астықжан» сауда орталығында 3-қабаттағы жиһаз салоны өртенді.

 

Серіктес жаңалықтары