×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"ҚазМұнайГаз" бен жаңаөзендік жұмысшылар келіссөзі: тараптар қандай келісімге келді

12.04.2023, 09:25
ҚМГ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының байланыс тобы мен жұмыстан босатылған жаңаөзендік жұмысшылардың өкілдері арасында арнайы комиссия құру туралы уағдаластық жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл комиссия ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын қарап, оларды құқықтық тұрғыдан шешу мәселесімен айналысады.

Сондай-ақ, компания комиссияға "БерӘлі Маңғыстау Company" экс-қызметкерлерінің ішінен 10 өкіл кіретінін атап өтті.

"Құқықтық тәртіп органдары ұстаған кәсіпорынның қалған экс-қызметкерлері бұдан бұрын босатылып, Астана уақытымен сағат 8:57 - де Жаңаөзенге пойызбен кетті", - деп хабарлады компаниядан.

Еске салсақ, 10 сәуірде  Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 80-ге тарта жұмысшысы Астанаға келіп, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Олардың бәрі «Өзенмұнайгаз» компаниясынан жұмыс талап етті. Жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер мәселеміз шешілмей министрлік алдынан кетпейміз деді. Олар таңды сол жерде атырды.

Бұдан бұрын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнайшылардың талабы әлі айқын еместігін айтқан.

Ал премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов  жаңаөзендік жұмысшылардың тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шығуын талап етуі дұрыс еместігін мәлімдеді.

Кейіннен жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы ұсынған жұмыс орындарынан бас тартқаны хабарланды.

11 сәуір күні кешке пикет ұйымдастырған Жаңаөзен мұнайшыларын қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті. Жерлестерінің ұсталғанын естіген бойда Жаңаөзенде жергілікті кәсіпорындардың қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Астанада ұсталған жұмысшыларды босатуды талап етті.

Көп ұзамай Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейнеөтініш жасап, мәселені түсіндірді, сабырлыққа шақырды.

Серіктес жаңалықтары