×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Бағдатта өмір бойына түрмеге қамалған 6 қазақстандық аштық жариялады

02.05.2023, 16:32
фото: ашық дереккөзден

Бағдатта түрмеде отырған Қазақстанның 6 әйелі аштық жариялады. Бұл жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілген еді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қазір Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеп жатыр. 

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түскен. Айбек Смадияровтың айтуынша, тұтқындар өз мемлекеттеріне тезірек экстрадициялау процедурасын өткізуді талап етіп отыр. 

«Аштық акциясы Ирак билігінің «Рақымшылық туралы» заңға қол қоюы туралы қауесет аясында басталған.

«Ирак билігі биыл барлық санатта қылмыс жасаған адамдарға «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл нақты ақпарат емес. Рақымшылық жасалатын адамдар өз жазасының үштен бірін сол елде өтеуге тиіс. Қазір жоғары аталған мекемеде ДАИШ террористік ұйымының жұмысына қатысқаны үшін сотталған 6 Қазақстан азаматы өз жазасын өтеп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары