×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысындағы әкесі мен 4 баласының өлімі: марқұмдар неден уланғаны айтылды

10.05.2023, 12:02
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында бір отбасының 5 адамы көміртегі тотығынан уланған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“4 мамыр күні сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының Полиция бөліміне Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қайтыс болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр” – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды.

Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.

Айта кетейік, бұған дейін белгісіз заттан 6 адамнан тұратын бір отбасы уланып, оның бесеуі көз жұмғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары