×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Мәжілістің беделіне зиян келтірмейді»: Қошанов ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы

10.05.2023, 12:17
Коллаж: ulysmedia.kz.

Журналистер бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан депутат Жигули Дайрабаев туралы сұраған. Таяуда Дайрабаевтың отставкасын талап еткендер петиция жариялаған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Дайрабаевқа келер болсақ, ол депутаттығын тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой!? Балаларына қатысты мәселе. Сондықтан, ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте. Микрокоппен қарап отырады. Әрбір шалт басқан қадам жарияланады”, – дейді ол.

Мәжіоіс төрағасы “егер заңбұзушылық депутат Дайрабаев тарапынан болса, бірінші кезекте Ауыл партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептейтінін” айтты.

Журналистер Қошановтан «бір палатада балалары жемқорлық үшін сотталған депутатпен бір палатада жұмыс істеген сізге ыңғайсыз емес пе?» деп сұраған. Бұл сұраққа жауап берген Қошанов «заңды тұрғыда Дайрабаевқа ешқандай сұрақ жоқ» деді. Сонымен қатар, Қошанов осы мәселе бойынша «мәжілістің репутациясына зиян келмейтінін» айтты.

Бұған дейін желіде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевты мандатынан айыруды талап ететін петиция пайда болған еді.

Серіктес жаңалықтары