×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Астанада пәтерлерін 10 жылдап күткен үлескерлер баспанаға қашан қол жеткізеді

11.05.2023, 17:23
gov.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы құрылысы ұзаққа созылған үйлерді жылу беру маусымына дейін  жылу жүйесіне қосуға уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала басшысы желідегі парақшасында пәтерлерін 10 жылдап күтіп жүрген  үлескерлермен кездескенін мәлім етті.

«Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар», – дейді ол.

Әкім кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып бара жатқанын айтты, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.

«Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», – дейді Ж.Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары