×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Алматыда қаңтар оқиғасының 25 қатысушысына үкім шықты

19.05.2023, 14:06
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаңтар оқиғасына қатысқан 25 азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында Алматы қаласының түрлі бөліктерінде 25 сотталушы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкетті, қауіпті өндірістік нысаның аумағына, сондай-ақ арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кірді, бұл елеулі залал тигізіп, басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқты. Сондай-ақ, олар алдын ала сөз байласу арқылы өздерінің оқ-дәрілерін, атыс қаруларын ұрлап әкеткен, төтенше жағдай жарияланған жерде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдар тобы алдын ала сөз байласып, билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп, олардың мүлкін бүлдіргені және жойғаны анықталды”, – делінген сот хабарламасында.

Сот шешімі бойынша 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды.

4 тұлғаға Рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды.

1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, айыпталушылардың басым бөлігі айыпты мойындамайды, кейбірі ішінара мойындаған. Ал айыпталушылардың бірі Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Прокурор оны да кінәлі деп тануды, қайтыс болуына байланысты істі тоқтатуды сұраған. Сот прокурордың өтінішін орындады. Думан Қанатбектің әкесі Әкімбек Қалыбеков ұлын кінәлі деп танығанына келіспей, үкімді апелляцияға беретінін айтты.

Айта кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот ҰҚК экс-басшысы Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары