×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жануарлардың апат тудыруы: Қазақстан жолдарында жаңа технология енгізіледі

19.05.2023, 15:39
әлеуметтік желіден

Қазақстанда жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазавтожол” мәліметінше, республикалық маңызы бар "Өскемен-Семей" күре жолының 102 шақырымында жануарлардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға арналған "Қорғау" автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтуде.

“Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады. Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғылардан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс жасайды”, – делінген хабарламада.

Технологияны отандық "Nur-Saylet" компаниясы ойлап тапты. Технология сынақтан сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары