×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Атырау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан Өзбекстанның төрт азаматы қаза тапты

20.05.2023, 16:20
Ашық дереккөз

Соқтығысқан көліктердің бірі өртеніп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында болған. Toyota Ipsum және КамАЗ көліктері соқтығысқан.

Жол апатынан кейін көлік отқа оранды. Жүргізуші мен оның үш жолаушысы қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция марқұмдардың кім екенін анықтауда.

«Әзірге олардың Өзбекстан азаматтары екені белгілі. Жыл басынан бері «Тойота» көлігінің жүргізушісіне қатысты 10 хаттама толтырылған. Белгілі болғандай, жылдамдықты шегінен асырғаны үшін 8, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 8 хаттама жазылған», - дейді Атырау облысына қарасты патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.

Бұған дейін Алматы вокзалында пойыз екі вагонды басып өткенін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары