×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Грузияның әуе компаниясы ел президентін ұшаққа отырғызуға тыйым салды

21.05.2023, 16:17
Ашық дереккөз

Georgian Airways Грузия президенті Саломе Зурабишвилиді “персона нон грата” деп жариялады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Georgian Airways директорлар кеңесінің басшысы Тамаз Гаиашвили әуе компаниясы президентті бортқа жібермейтінін мәлімдеді.

Ол мұны Грузия әуе жолдарының президенттің Мәскеуге ұшуға бойкот жариялау туралы ұсынысына берген жауабы деп түсіндірді.

"Грузия үшін Зурабишвили ханымнан гөрі кез келген грузиннің еңбегі зор. Сатқын болып туған адам өзінің халқына, ел мүддесіне, туған жеріне қалай сатқындық жасап жатқанын сезбейді де. Саломе ханым ұлттық әуе компаниясына бойкот жариялады. Біз оны персона нон грата деп жариялаймыз және грузин халқынан кешірім сұрамайынша, оны бортқа жібермейміз», - деп қосты Тамаз Гаиашвили.

Еске салайық, 20 мамырда Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ресейге рейстерге байланысты барлығын Грузия әуе жолдарының қызметінен бас тартуға шақырған.

Серіктес жаңалықтары