×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Балқаштықтарды сусыз қалдырған мекеменің басшысы қызметінен қуылды

24.05.2023, 15:07
видеодан кадр

Сәуір айында Балқаш тұрғындарын 2 күн бойы сусыз қалдырған «Балқаш су» мекемесінің басшысы орнынан алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті.

«Ол учаскеге өзім барып, апатты жою жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын көрдім. Шынымен де, бүгінде басшысы қызметінен кетті. Қазір жаңа басшысы іріктеліп жатыр. Ол жерде шешілуі тиіс ұзақ уақыттан бері келе жатқан проблема болды. Қазіргі уақытта біз ең алдымен аталған сорғы стансасының тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықтар сатып алу мәселесін шешеміз», - деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен брифингте.

Аймақ басшысы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын су құбырына толықтай тексеру жүргізілетінін және қосымша құбыр салынатынын айтты.

Еске салайық, сәуір айында Балқаш қаласында 80 мыңға жуық тұрғын екі тәулікке жуық ауыз сусыз отырды. Оған магистральды құбырдағы апат себеп болған еді.

Серіктес жаңалықтары