×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада сабақ өткізбей жалақы алып келген мектеп директоры қызметінен қуылды

30.05.2023, 16:19
Астанада сабақ өткізбей жалақы алып келген мектеп директоры қызметінен қуылды
видеодан скриншот

Астанада бір жыл бойы сабақ өткізбесе де жалақы алып келген №49  мектептің директоры қызметінен қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Оқшулардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

"Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексерілетіні хабарланған.