×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстандық режиссер соғысты қолдайтын ресейлік топ жайлы фильм түсіреді

02.06.2023, 09:05
әлеуметтік желіден

Режиссер Асқар Ұзабаев ресейлік "Руки вверх!" тобы жайлы толықметражды фильм түсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Ведомости" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның екі дереккөзінің айтуынша, Yellow, Black & White (YBW) студиясының Ресей киносының мемлекеттік қорынан субсидия алу туралы өтінімін сценарий тобы қарастырып жатыр. Десе де, фильм сценариі комедия элементтері бар классикалық байопикке ұқсамайтыны айтылуда.

Таспаның сценариін Сергей Калужанов ("Время первых" үгіт-насихат фильмі, "Мажор" сериясы) және Михаил Погосов ("Эскортница "фильмі) жазды. Фильмге тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" драмасын түсірген  Асқар Ұзабаев режиссерлік етпек.

YBW – Ресей кино қорының көшбасшы компаниясы. Мұндай мәртебесі бар компаниялардың жобаларын қор басым тәртіппен қолдайды.

2022 жылдың наурызында "Руки вверх!" тобы Мәскеуде Ресейдің Қырымды аннексиялауының 8 жылдығына арналған үгіт-насихат концертінде өнер көрсетті. Ресей президенті Владимир Путин осы іс-шарада сөйлеген сөзінде Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтады және ресейлік әскерлерді мақтады.

2023 жылдың қаңтарында Украина билігі "Руки вверх!" тобының көшбасшысы Сергей Жуковқа санкция салды.

Айта кетейік, 2 және 4 маусымда ресейлік өнер ұжымы Астана мен Алматыда концерттер өткізеді.

Серіктес жаңалықтары