×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 68 мыңнан астам несие берілді

03.06.2023, 14:40
Ашық дереккөз

Ең көп «7-20-25» ипотекалық несиені еліміздің мегаполистері – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 68 202 тұрғынды несиелендірудің жалпы сомасы 916,9 млрд теңгені құрады”, - деп жазды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша баспана «Отбасы банкінде» беріледі. Дегенмен, қазақстандықтар анда-санда бұл мекемедегі қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағымданады – консультанттар көбіне бос емес, қоңыраулар жиі жауапсыз қалады. Қазақстандықтардың мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсынылатын баспана сапасына қатысты сұрақтары көп.

Серіктес жаңалықтары