×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Аутизммен ауыратын баланы рейстен шығарып жіберген әуе компаниясы жазаланады

03.06.2023, 15:37
Ашық дереккөз

SCAT әуе компаниясы әдепсіз әрекеті үшін жазаланады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ерекше баласы бар отбасын рейстен шығарып тастауына байланысты әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отбасы Қостанайдан Түркияның Анталиясына демалуға аттанбақ болған. Алайда әуе компаниясы аутизммен ауыратын бала басқа жолаушыларға кедергі келтіреді деп, оларды рейске жібермеген.

“Барлық санаттағы жолаушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету кезінде этикалық нормаларды сақтау қазақстандық әуе компанияларының жұмысында басымдық болуы тиіс екенін атап өтеміз. Бұл талаптарды бұзуға жол берілмейді.

«SCAT» авиакомпаниясы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – деп жазды комитеттен.

Компанияның өзі жолаушыға келтірілген материалдық шығын өтелгенін, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік пакетке сәйкес рейсті жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған SCAT әуе компаниясының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылатын болады.

Серіктес жаңалықтары