×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Тайландта тағы бір қазақстандық суға кетті

05.06.2023, 16:43
Pixabay

 Тайландта Қазақстанның тағы бір азаматы суға кетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«3 маусым күні тура сол жағажайда (Тайландта – авт.) тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Айбек Смадияров екі қазақстандықтың да денесі елге жеткізілетінін айтты.

“Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және мүрдені жеткізетін өзге де компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз”, – деді ол. 

Айта кетейік, бұдан бұрын  отандасымыз Артур Ысқақовтың Тайландта апатқа ұшырап, комаға түскені хабарланған. Оның қарындасы ағасын елге жеткізуді өтінген. Көп ұзамай қазақстандықтың қайтыс болғаны белгілі болды. Бейресми нұсқа бойынша, отандасымыз қызын құтқармақ болған.

Серіктес жаңалықтары