×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

06.06.2023, 16:23
әлеуметтік желіден

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді.

Жуырда  «Дикий Арманмен» бірге «қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілердің басын қосып, топ ұйымдастырды» деп айыпталған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңтар оқиғасы жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

Серіктес жаңалықтары