×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

1 шілдеден бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды

09.06.2023, 08:48
фото: ашық дереккөзден

Премьер-vинистрдің орынбасары – Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасына өзгерістер еңгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрық бойынша 20 дана "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді:

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
 

Серіктес жаңалықтары